Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда түнгі барға барған 24 жастағы жігіт қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2021
  • 2793

Түнгі барға барып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан 24 жастағы павлодарлық ауруханада қайтыс болды. 18 күн ес-түссіз жатып, оңала алмаған. Бүгін әкесі ұлынан айырылып қалғанын хабарлады. Оған дәрігерлер баласының коронавирус жұқтырғанын айтыпты. Жансақтау бөлімінде жатқан баласы кеселді қалай жұқтырғанын әкесі түсіне алар емес. Алғаш ауруханаға түскен кезде ПТР тесті алынып, індет теріс нәтиже берді дейді. Алайда, бір аптадан кейін алған тест, оның коронавирус жұқтырғанын анықтаған.

Марат ЖҰМАДІЛОВ, Ә.СОВЕТХАННЫҢ ӘКЕСІ:

Ұлымды алған жарақатынан қайтыс болды және пневмонияда әсер етті деп естіртті. Мен бұл нұсқаға сенбеймін. Ауруханада жатқан кісі қалай коронавирус жұқтырады. Ол жансақтау бөлімінде жатты. Ешбір туысын ішке кіргізбеді карантин - деп. Тек дәрігерлер ғана кіріп жүрді. Демек, олар ауру жұқтырған балама. Өйткені, дәрігерлер оның беті бері қарап келе жатыр деп айтқан еді.


Ал денсаулық сақтау басқармасы марқұмның коронавирустан көз жұмғанын растамады. Барлығы сараптамадан кейін белгілі болады – деп отыр. Айта кетейік, марқұмның әкесі бұған дейін де, өзіне түсініксіз жайттармен бөліскен еді. Ол кезде де әкесі түнгі бар қызметкерлерінің ақпаратына сенімсіздік танытты. Айтуынша, оны әлдекімдер демалыс орнына алдап шақырып, ұрып соққан. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Әкесі баласын өлімші етіп сабаған кінәлі жазадан сытылып кете ме – деп қорқады.

Ө. Қуанар