Русский Сайттың толық нұсқасы

Зейнет жасы неге төмендетілмейді?

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2021
  • 2050

Үкімет әзірге зейнет жасын төмендетуді, тіпті күн тәртібінде қарамайды. Өйткені халық тиісті жинақты қалыптастыра алмай қалуы мүмкін. Ал бұл зейнетақы мөлшерінің аз болуына әкеп соғады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бүгін осыны айтты. Ол: "саланы ұзақ зерттеу керек" деп отыр. Түйіткілдің түйініне үңіліп көрген әріптесім, тақырыпты жалғастырады.

Зейнет жасын 60-қа дейін төмендету керек. Қарапайым халық бастап, мәжілістің кейбір депутаты қостаған түйінді мәселенің созылып келе жатқанына біраз болды. Елде еңбек жағдайы қиын. Жалақы аз, демек зейнетақы жинағы да аз десті,-көпшілік. Тіпті, қордағы қаражаттан пайда таппаймыз деп, мүлде күдер үзгендер де бар екен.

БЛИЦ:

- Болмайды ғой былай, 50-55-те берсе болады ғой хотя бы, күш жоқ уже барлық денсаулық базарға кетті.

- Жұмыс істегісі келсе, онда пенсиясын тоқтата тұру қажет.

- Адамдардың денсаулығы нашарлап кеткен, оған жетпейді көбісі.


Иә, денсаулық нашар, қорға қаражат салмаймыз, тәуір жұмыс жоқ. Бұл халықтың жанайқайы. Алайда, министр олардың пікірімен келіспейді. Зейнет жасын төмендетсе, тиісті жинақ қалыптаспауы мүмкін. Тіпті, зейнетақы соммасы аз болып қалады. Сондықтан, мұны жан-жақты зерттей түсу қажет,-деді еңбек министрі.

Серік ШӘПКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Бұл мәселе қарастырылмады. Бізде зейнетақы аннуитеті де ескерілген. Ер адамдар зейнетақы жинағының шекті деңгейін 55 жасқа дейін жинақтаса, өздері үшін зейнетақы аннуитетін рәсімдей алады.

Министр сөзін экономист Сапарбай Жұбаев та қолдап отыр. Елдегі экономикалық ахуал қиын сондықтан, қордағы қаражатты осылай ұлғайтуға мүмкіндік туады. Одан қалды, азаматтардың еңбек етуіне де мүмкіндік жасау қажет деп отыр.

Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

7 миллион адамның 700 мыңы қиналған болса қалған азаматтарды түсіріп тастаудың қажеті жоқ. Ал егер мүмкіндігі болмаса онда, оқытады әртүрлі көмек қарастырылған.

Ал депутаттарда қазіргі зейнетақы жүйесін түбегейлі өзгерту керек деп депутаттық сауал жолдап жүр. Өйткені, зейнетақы қорындағы жинақтар төмендеп жатыр. Соңғы 5 жыл ішінде  былтыр 17 млрд теңгеге қысқарған. Халықтың зейнетақы жүйесіне қатысуы нашарлады, бұл әлеуметтік қиындықтарға әкеліп соғуы мүмкін. Қоғам пікірін сан-саққа бөлген даулы мәселе қашан бір ізге түсері әзірге белгісіз.

Ғ.Өтемісов