Елордада жаяу жүргіншілерге арналған демалыс орны ашылды. «Demalys Promenade» деп аталатын көше қала жұртшылығы үшін ойын-сауық мекеніне айналмақ. Мұнда шығармашылық қойылымдар, би жарыстары, спорттық шеберлік сыныптары, тақырыптық фестивальдар өткізіледі. Сонымен қатар, жаз бойы «ORDA FM» радиосы Demalys Promenade-тан тікелей эфирде хабар таратады.
Елнар БАЗЫКЕН, НҰР-СҰЛТАН қ. УРБАНИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Demalys Promenade «Театральный» жаяу бульвары мен қала жағалауының арасын қосады, мұнда да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жағалауда бақылау алаңы, сондай-ақ, әткеншектер және түрлі архитектуралық бейнелер болады. Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті саламыз.
Ғ.Өтемісов