Алматыда белсенді Жанболат Мамайдың жақтастары журналистке шабуыл жасады. Баспасөз жиынына келген Azattyq Rýhy ақпараттық агенттігінің тілшісіне, ұйымдастырушылар қай БАҚ өкілі екенін білген бойда, жұдырық ала жүгірді. БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз мәслихатын ұйымдастырғандар, журналистің жағасынан алып, сұрақтарына жауап беруден бас тартты.
Бұл жанжал сот процесінен кейін белсендінің өзі ұйымдастырған баспасөз жиынында орын алды. Жанболат Мамай осыдан бір күн бұрын әлеуметтік желілерде сот процесі аяқталғаннан кейін, баспасөз мәслихаты болатынын айтып, БАҚ өкілдерін шақырды. Алайда белгілеген орынға келген кезде Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай тілшілерге конференцияның онлайн режимде өтетіндігін мәлімдеді. Тілші, Жанболат Мамайдан баспасөз жиынының неге аяқ асты онлайнға көшкенін сұраған. Бірақ жауап ала алмады. Ерлі-зайыптылар журналистерді кабинетке шақырып, барлық сұрақтарға жауап беретінін айтты. Алайда ол бөлмеден аталған ақпарат агентігінің өкілін желкелеп шығарды. Журналисті жұлқылауға Мамайдың жақтасы Абзал Достияров та қосылды. Ол тілшіге шабуылдап, балағат сөздер айтып, оны ашық түрде көшеде төбелесуге шақырды. Айта кетейік, бүгін Әуезов аудандық сотында Бауыржан Байбек пен Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты. Судья Бауыржан Байбектің шағымын қанағаттандырды. Осыдан болар, сотта жеңіліс тапқан тарап, агрессия танытып, журналисттердің ар-ожданын таптады.
Ә. Лесбек