Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараз қаласында екі көп қабатты тұрғын үй зиянды жәндіктер ордасына айналған

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2021
  • 4974

Тараз қаласының қақ ортасында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер зиянкестердің ордасына айналған. Тұрғындар " түнімен көше кезіп жүреміз" дейді. Себебі, түнде жарық өшкен сәтте зиянды жәндіктер қаптап, талайтын көрінеді.   Жұрт мәселені әкімдікке айтып, әбден шаршадық десе, әкімдіктегілер тұрғын үйлердің осындай  жағдайға жеткеніне тұрғындардың өздерін кінәлайды.  Тараптардың уәжін тілшіміз Берік Жұмабай тыңдады.

Төле би көшесіндегі 4, 8 үйлердің сиқы мынау. Ескі ғимараттың шатырынан су ағады, кірпіштері мүжілген, ішіне кіруге адам қорқады.   Бұл үйлер кезінде жатахана болған, кейін тұрғындар жекешелендіріп алыпты.  Қазір 250-ге жуық отбасы тұрады. Бұған дейін талай мәрте әкімдікке шағымданған. Нәтиже жоқ, дейді тұрғындар.

Мария МЕҢДІҚҰЛОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кішкентай балдар бар, қандала, бүрге, таракан деген басып кетті. Невозможно жить. Тараз қаласының әкімшілігі ремонтқа келтіріп, болмаса үй берсін. Су тамшылағанда масқара зонтик алып отырамыз кей кезде туалетте.

Гүлжәмила ҚЫПШАҚБАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қандала, таракан, тышқан деген былай. Тышқандар невозможно. Даже акиматқа фотоға түсіріп көрсеткен күнім де болған. Мені тіпті әкімшілікке жіберген де жоқ. Екі апта өткен соң шақырамыз, әкім алдына кіргіземіз деді. Уәде береді, мүлде сөздерінде тұрмайды.

Қала әкімдігіндегілер тұрғындардың сөзімен келіспейді.  Үйлердің ескі екенін растаса да, зиянкестердің қаптауына тұрғандардың өздерін кінәлайды. Себебі, 2012 жылы баспанаға кішігірім жөндеу жұмыстары жүргізілген, жылу құбырлары ауыстырылған.  Содан кейін өздері күтіп ұстамаған деп отыр. Енді тек қайта жаңғырту бағдарламасы арқылы күрделі жөндеу керек дейді.

Асхат ЕСЕНӘЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2012 жылы модернизация жасалған кезде отопление осы дәретханада жасалған болатын. Ол үйлер екеуі де ешқандай кскаға кірмей отыр. Себебі ол жерде жаңа айтып кеттімғой жалдамалы пәтерлер болғаннан кейін оның иелері де ол жерде тұрып жатқан квартиранттар оны төлегісі келмейді. Тұрғын үй жаңғырту бағдарламасы аясында толығымен оны жасау керек. Онсыз ол проблема шелімейді.

Бірақ мемлекеттік бағдарлама арқылы ғимаратқа толық жөндеу жүргізу үшін кезек  күту керек. Сондықтан тұрғындар енді өздері әрекет етпесе, зиянды жәндіктерге таланып отыра беретін түрі бар.   

Б. Жұмабайұлы