Короновирустың үшінші толқыны болуы мүмкін. Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов халыққа үндеу жасады. Вакциналау деңгейі өте төмен елдерде инфекция деңгейі үрейлі қарқынмен өсуде деді ол. Көршілес елдерде де қауіпті жағдай қалыптасқан. Сондықтан елде вакцинациялауды және шектеу шараларын күшейту керек. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да, әлі арқаны кеңге салатын уақыт жеткен жоқ дейді. Эпидахуал біршама тұрақталды десек те, елордада соңғы аптада короновирус жұқтыру көрсеткіші 7 пайызға артыпты.
Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Соңғы аптада ТМД елдерінде, оның ішінде Ресей Федерациясында коронавирус инфекциясының өсуі байқалды, өткен аптамен салыстырғанда науқастардың саны 1,5 есе өсті. Сондықтан біз сақтық шараларын күшейтеміз. Маусым айының соңына дейін «Ashyq» жобасы теміржол вокзалдары мен әуежайларға түгел енгізіледі. Вакцинация қарқын алуы керек.
Осы уақытқа дейін екпенің 4 млн-ға жуық дозасы қолданылған. Оның ішінде бірінші компонент- екі жарым млн-нан астам адамға салынды. Егер вакцинаның бірінші дозасын алған адам ауырып қалса, екінші компонентті тек алты айдан кейін салдырған жөн дейді мамандар.
Динагүл БАЕШЕВА, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:
Бір көрсеткіштерге ғана сүйенбей,қазіргі күнде вакцинаны қолданған сайын, зерттеудің мөлшері де көбейіп жатыр ғой. Сондықтан жаңағы тек мысалы имуноглабулиндерге сүйенетін болсақ, ол жерге 21 күн кірді, ауырып шыққан адамға 6 ай кірді.Бірақ зерттеу жүргізгеннің арқасында қазір оны ұзартуға болады деген нәтиже шығып жатыр.
Б. Сатуов