Оралда мерзімді қызметтегі сарбаз өзін-өзі атып өлтірді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығынан хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат бес жарымда болған. Жауынгер түнде түзету мекемесінде күзетте тұрған көрінеді. Әскери бөлім басшылығының айтуынша, сарбаз қолындағы қарумен өзін-өзі иегінен атқан. Оның бұл әрекетке неге барғаны белгісіз. Ол әскери қызметке Ақтөбе өңірінен шақыртылған.
Жәнібек СӘРСЕНОВ, 5517 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Сарбаз қарудан өз-өзін жаралады. Жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда гарнизонның әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізілуде.
Е. Карин