Русский Сайттың толық нұсқасы

XI Еуразиялық «KAZENERGY» форумының алдындағы брифинг

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2017
  • 2308

Алдағы уақытта мұнай бағасы 50 доллар шамасына тұрақтайды. "Қазэнерджи" қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин осындай болжаммен бөлісті. Алдағы 4 - 5 жылда мұнай бағасы қайта көтерілуі мүмкін. Тіпті баррелі 80 долларға дейін барады деген сарапшылар пайымын алға тартты.

Ұзақбай Қарабалин, "KAZENERGY" қауымдастығы төрағасының орынбасары:

Әр адамның өз пікірі бар, дегенмен біз аналитикалық компаниялардың сарапшы мамандарының пікіріне құлақ салғанымыз дұрыс. Мұнай саласындағы барлық мамандардың пікірін тұжырымдайтын болсақ, мұнай бағасы әлі де түседі дегенге саяды. Бір баррелі 50 доллар болады деген де болжам бар.

KAZENERGY XI Еуразиялық форумы 7-8 қыркүйекте өтеді. Онда мұнай секторындағы геологиялық барлау мәселесі талқыланбақ. Жиында "Еуразия" жобасын дамыту ісіне де мән берілмек.