Алматыда полиция қызметкерлері мен еріктілер, есірткіге қарсы майдан ашып, есірткі жарнамаларын бояуға кірісті. Бастамаға «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері ұйытқы болды. Бұған дейін тәртіп сақшылары бұл жұмысты екі айда бір рет өздері жүргізіп келді. Соңғы кездері есірткі жарнамасы мен олардың қай жерде жасырылғаны туралы хабарландырулар айтарлықта азайды, дейді тәртіп сақшылары. Бүгінде есірткі саудагерлері көпқабатты үйлердің аулаларына әуес. Олар ақпаратты ғимараттар мен қоршауларға құпия белгілермен жазып қалдырады екен.
Диас ДУАНБЕКОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жасөспірімдердің кейбірі жарнамаланған сайттарға кіреді. Бірақ біз олардың жұмысын шектейміз. Есірткі жарнамалаған сайтқа кез келген адам кіріп көре алады. Сондықтан біз құпия жарнамаларды алып тастаймыз.
Белсенділер бүгінгі акцияны алдағы есірткіге қарсы халықаралық күрес күніне арнайы ұйымдастырып отыр. Жасотандықтар кез-келген алматылық есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұруға өз үлесін қоса алады, - деп қосты.
Нұрсұлтан БЕКҚАЙЫРОВ, «JAS OTAN» ЖҚ АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл індетке айналып бара жатыр. Осы мәселені қоғамға дабыл қағып біз барлығымыз күресуге және осындай акциялар тұрақты түрде өткізуге жоспарлап отырмыз.
Е. Карин