Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандағы "Керуен-сарай" құрылысының сапасына қатысты шу шықты

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2021
  • 4149

Туристер ағылып жатқан Түркістандағы «Керуен – сарайдың» құрылысына қатысты шу шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары, кешелі бері осы тақырыпты қызу талқыға салған. Даудың басы, қоғам белсендісі Шыңғыс Лепсібаевтың жазбасынан басталған. Ол өз парақшасында 87 млн теңге жұмсалған кешеннің құрылысын сынады. Сапасыз салынғандықтан сыртқы қаптамалары жылға жетпей бүліне бастағанын, ғимарат жеңіл пенопласттан салынғанын жазыпты. Түркістан қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы болса, жазбаша жауаппен шектелді.


Жеке инвестиция есебінен салынғандықтан, әкімдік құрылыс жұмыстарына қадағалау жүргізе алмайды. Дегенмен, желіде тараған келеңсіздікке байланысты "Керуен сарай" кешенінің әкімшілігіне қайта қалпына келтіру бойынша ескерту берілді.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ


Керуен-сарайлықтар болса, кешеннің барлық мемлекеттік стандартқа сай салынғанын көлденең тартты. Ондағылар құрылыс жаңа технология негізінде жүргізілді деп отыр. Айтуларынша, ғимараттың тек сыртқы қаптамасы ғана пенопласт. Одан келер еш қауіп жоқ көрінеді.


Абай ҚАРАҚҰЛОВ, ТҮРКІСТАН қ. "КЕРУЕН САРАЙ" КЕШЕНІНІҢ ӨКІЛІ:

Біздің «Керуен-сарай» кешеніміз негізі пенопласттан соғылмаған. Ол -монолит және газоблоктардан соғылған. Ал әлеуметтік желілерде видео немесе суреттегі сынған жерлер ол бізде бір багги барып соққан электрокар, яғни соның әсерінен құлаған. Ол декоративті материал болып табылады. Бүкіл әлемде ол қолданылады. Ешқандай қауіп жоқ.


А. Төребекқызы