Ал Үндістанда короновирустың тағы бір жаңа штаммы анықталды. Мутацияға ұшыраған вирус вакцина қабылдаған адамдардағы антиденелердің белсенділігін төмендетеді. Короновирустың бұл түрі "Дельта плюс" деп аталады. Сондай-ақ, Токио қаласындағы олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін. Өйткені қатысушылар арасында COVID-19 вирусын жұқтыру дерегі тіркелген. Ал, Бразилияда індеттен қайтыс болғандар саны жарты милионға жетті.
Болсонаро - геноцид жасады! Осындай айыптаулармен мыңдаған адам Рио көшелеріне шығып, президенттің отставкаға кетуін талап етті. Өйткені олар елдегі короновирустан қайтыс болған 500 мыңнан астам адамның өліміне президент кінәлі дейді.
Дениз АЗЕВЕДО:
Елде вакцинаны сатып алу тым ұзақ болды. Табиғи иммунитеттің ешқандай пайдасы жоқ. Сіз алатын жалғыз иммунитет - вакцина. Ерте емдеу мүмкін емес. Мен миллиондаған достарымнан айырылдым, немере ағамнан айырылдым. Миллиондаған бала жетім қалды. Болсонаро - геноцид жасады.
Алина РАБЕЛО:
Біз өткен жылы вакциналар сатып алмаған және өз халқы үшін ештеңе жасамаған Болсонароның геноцидтік үкіметіне наразылық білдіреміз.
Болсонаро экономика үшін қорқып, әдейі шектеулер қоймаған. Сондай-ақ, президент халықты ұжымдық иммунитетке ие болады деп үміттеніп, вакцина сатып алуға асықпады деп айыптауда.
Гонсало ВЕКИНА, БРАЗИЛИЯНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ РЕТТЕУДІҢ ЭКС-БАСШЫСЫ:
Денсаулық сақтау министрлігінің әрекетсіздігінің, басшылықтың әрекетсіздігінің нәтижесін көріп отырмыз. Жарты миллион адам қайтыс болды, ал бұл көрсеткіш, өкінішке орай, әлі де өседі, өйткені вакцинация қарқын ала алмай отыр. Вакциналар өте кеш сатып алынады.
Ресейде де жағдай мәз емес. Соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның шамамен 8000 жаңа жағдайы тіркелген. Үндістанның жаңа штаммы «Delta Plus» ғаламшар бойынша шеру бастады. Мәскеуде вирусты жұқтыру көрсеткіші -90% жетті. Жалпы Ресейде төртінші күн қатарынан 17 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырғаны анықталды.
Сергей СОБЯНИН, МОСКВА МЭРІ:
Мәскеуде вирустық ахуал күрт нашарлады. Көрсеткіштер күтпеген жағдайға өзгерді. Мәскеуліктердің 60% -дан астамы науқас немесе ауырған. Бұл халықтың иммунитеті. Осыған орай, біз, әрине, аурудың жоғарылауын емес, төмендеуін күттік. Біз жаңа штамдарға тап болуымыз мүмкін.
Ал, Жапонияда Олимпиада ойындары алаңдаушылық туғызып отыр. Егер елде төтенше жағдай режимі енгізілсе, әлемдік дода көрерменсіз қалуы мүмкін. Сонымен қатар, бокс бойынша жарысқа қатысатын Уганда спортшысынан коронавирус анықталды. Естеріңізге сала кетейік, ойындар 23 шілдеде басталады. Оған Қазақстаннан 9 спортшы қатысады деп жоспарланған.
Б. Сатуов