Русский Сайттың толық нұсқасы

Аяқ киім 20 пайызға қымбаттауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2021
  • 3772

Шетелдік аяқ киім 20 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұған 1 шілдеден бастап енгізілетін міндетті цифрлық таңбалау себеп болмақ. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі аяқ киімдердің 96 пайызы өзге елден тасымалданады. Оның тең жартысы нарыққа заңсыз жолмен кіргізіледі. Міндетті таңбалау міне, осы, елге аяқ киімдерді заңсыз әкелуге, қара нарықтағы айналымды азайтуға мүмкіндік береді дейді мамандар. Ал бұл бағаға неге әсер етеді? Ақбота Базарбай айтады.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Қазір сауда сөрелерінде аяқ киімнің неше түрлісі бар. Сәні сапасы, түрі мен түсін таңдап жүріп алуға болады. Бағалары да әртүрлі. Әрине, ол бірінші кезекте аяқ киімнің сапасына байланысты. Жақсы, сапалы аяқ киім сәйкесінше қымбат.

Шеттен әкелінетін тауарлардың басым бөлігінің сертификаты жоқ, контрафакт өнімдер. Тауарды Қытайдан арзан бағамен заңсыз тасып, күнкөріп отырған базар сатушылары енді бұл кәсіппен нан тауып жей алмаймыз дейді. Өйткені, енді тауар таңбаланады. Яғни, елімізге кіргізілетін әрбір аяқ киім ресми тіркеледі. Сәйкесінше, барлық кедендік салық міндеттемелері тауардың құнына қосылады.Бұл бізге тиімсіз дейді базардағы алыпсатарлар.

АЙГҮЛ, САТУШЫ:

Ол бізге тиімсіз деп ойлаймын. Біз қалада ең арзан сататын жерміз. Қытай, әрине қытай. Бұл жерде Турция жоқ. Невыгодно нам, ол кезде басқа товардың түріне өтеміз.

АЗАМАТ, САТУШЫ:

Таңбаланушылықты бекіту үшін халықтың жағдайына қарау керек. Қазіргі жағдайда халықтың ол нәрсені қалтасы көтермейді, дайын да емес.

Мәселенің бірақ екінші жағы бар, таңбалау қара нарыққа тосқауыл қояды. Бұл отандық өндірушілерге тиімді.

Дастан МАХАМБЕТОВ, ЖШС БАСШЫСЫ:

Бізге таңбалаудың әсері болмайды. ЯҒни, өнімдеріміздің бағасы өзгермейді. Барлығы бұрынғы қалпында қалады. Шетелден келетін аяқ киімдер , әрине, қымбаттау болады. Бұған дейін олар контрабандалық жолмен келетін.. Таңбаланудан кейін олар толық кедендік тексерістен өтуге мәжбүр болады. Кедендік салық төлейді, әсіресе былғары теріден тігілгендерге. Соның салдарынан баға өседі.

Таңба қаптаманың сыртына жазылады. Штихкодты сканерлеу арқылы аяқ киім туралы барлық ақпаратты білуге болады.Бір кодтың құны -2 теңге 68 тиын. Бұған сырттан келген тауар үшін кеден салығы қосылады. Мамандардың айтуынша, осыған дейін заңсыз тасымалданған тауарлардың ғана құны өседі.

Мұхаммедхайдар СЕИТ, ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЯҚ КИІМ ТАУАРЛЫҚ ТОБЫ БОЙЫНША ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

20-30 пайызға қымбаттайды. Себебі, тауарды заңды жолмен әкелуге мәжбүр болады. Соның ішінде кедендік салық төлеуге мәжбүр болады. Сол үшін баға өсу болжамы бар. Бірақ ол тек қана контрабандалық немесе контрафакт тауарлар үшін ғана. Әділ осы уақытқа дейін таза жолмен әкелінген тауардың бағасы сақталады.

Кәсіпкерлерге таңбаланбаған аяқ киімдерді сатуға және толық таңбалауға 1 жыл уақыт беріледі. Содан кейін талап орындалмаса контрафкт тауарлар жойылады. Дүкендерден табылған жағдайда айыппұл салынады.

А. Базарбай