Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы азық-түлік қоймасында көкөніс жоқ

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2021
  • 1543

Қызылордадағы азық-түлік қорын сақтауға арналған қойма тар. Оның сыйымдылығы облыс халқы қажеттілігінің 2 пайызын ғана қамти алады. Ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдегі талапқа сай келетін жалғыз қойма осы. Бірақ бұл жерге 5 мың тоннадан артық өнім сыймайды. Қазір қоймада ұн, күріш, қант секілді тауарлардан басқа ештеңе жоқ. Көкөніс қатарлары бос тұр. Алайда, басқармадағылар мұны қартоп, сәбіздің қымбатшылығымен байланыстыруға негіз жоқ дейді. Айтуларынша, тасымалдаушылар тез бұзылатын өнімдерді әлеуметтік дүкендерге тікелей жеткізіп беріп отыр.

Ерхан АҒЫБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазіргі уақытта қоймада көкөніс тауарлары жоқ. Өйткені қазір сақтауға келетін өнім пісіп-жетілген жоқ. Қазір қоймада бары бакалилік тауарлар. Сақтайтын күзгі өнім, көкөніс өнімдері қысқа сақтауға қажет ететін, күз айларында келеді.

М. Тоқтасынқызы