Русский Сайттың толық нұсқасы

Балалар әдебиетінің қатары тағы бір туындымен толықты

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2021
  • 2067

Балалар әдебиеті тағы бір туындымен толықты. Қалың оқырманға жол тартқан «Біртуар-Уникальный» кітабы даңқты спортшы, Мəскеу Олимпиадасының жүлдегері Жақсылық Үшкемпіровке арналған. Кітап авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Алаш" əдеби сыйлығының иегері Сəуле Досжанова бұл романда Жақсылық Үшкемпіровтің балалық шағынан аты аңызға айналған даңқты кезеңіне дейінгі ғибратты ғұмырын арқау еткен. Жазушы туындыны балалар әдебиетіндегі тұңғыш роман деп дәріптеді.Кітап Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген. Айта кетейік, роман орыс тіліне де аударылған.

Сәуле ДОСЖАНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ:

Бүгінгі заманның батыры кім деген ой тұр, бәрімізде. Кім батыр? Міне біздің заманымыздың, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы батырлары бұл. Жақсылық Үшкемпіров жалғыз тәуелсіз Қазақастанның емес, өзі адам болып жаратылғалы ұлттың атын шығурмен келе жатыр. +Балаларға оның спорттағы жетістігін, үлкен жүрекпен отанын сүйгенін, үлкен жүрекпен қазақты сүйгенін жеткізгім келді.

Б .Сатуов