Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне 30 қызметтік көлік берілді

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2021
  • 2030

Елордалық полиция департаментінің автопаркі жаңа машиналармен толықты. Бұл - Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік тарту. Қала әкімі тәртіп сақшыларына өз елімізде құрастырылған 30 қызметтік көліктің кілтін табыстады. Жыл соңына дейін тағы 11 жаңа мәшине беріледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде жылдамдықты арттыруға бұл үлкен көмек. Сондай-ақ "Полиция қоғамдық қолжетімділікте" қағидаты бойынша халықпен жұмыстың сервистік моделін енгізу үшін қала аудандары мен тұрғын үй алаптарында 16 заманауи бекет орнатылған. Алтай Көлгіновтің айтуынша, мемлекеттен сала мамандарына көрсетіліп жатқан мұнан да басқа қолдау көп.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазақстандық тұрғын үй компаниясы желісі бойынша қатысушылардың саны кеңейтілді. Биыл полиция қызметкерлеріне 100 пәтер беріледі. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кезекке сәйкес өзге де тұрғын үй бағдарламалары бойынша баспана ала алады. Және де үнемі сыйақы беріліп отырады.

Қызметіне адал полиция қызметкерлеріне де бүгін құрмет көрсетілді. Шаһар басшысы олардың еңбегін бағалап, алғыс хатпен марапаттады.

Рүстем БОЛАТОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ:

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бізге көліктер табыс етті. Бұл біз үшін өте қуанышты жағдай. Табыс еткен автокөлік құралдары біздің қызметкерлерімізге және жалпы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлкен үлесін қосады деп ойлаймыз.

А. Данияр