"Nur Otan" партиясы «Нұр сұңқар» байқауының жеңімпаздарын жариялады. Байланыс және ақпарат күні қарсаңында ұйымдастырылатын дәстүрлі байқауға бас аяғы 300-ге жуық өтініш келіп түскен. Белгілі журналистер мен қоғам қайраткерлерінен құралған комиссия 10 қаламгерді үздік деп таныды. "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Фейсбуктегі ресми парақшасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығында сыйлықты табыстау ерекше мәнге ие болғанын атап өтті. Сондай-ақ ол сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, бұқаралық ақпарат құралдары жұртшылықтың көкейіне сенім ұялатып, жедел де объективті ақпараттың бастауы болуы тиіс. Әсіресе, бұл қазіргідей бұқаралық инфодемия және фейкжаңалықтар кезеңінде ерекше маңызға ие. Осынау қатерлі құбылысқа қоғам мен медиа өкілдері бірлесе отырып қарсы тұруы тиіс деп есептеймін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, медиа саласының өкілдерін кәсіби мерекелері – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Ғ. Өтемісов