Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана күнін тойлауға тыйым салынды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2021
  • 2260

Коронавирус күшіне мінді. 5 облыс эпид ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағына кірді. Әсіресе елордада жағдай шиеленісе түскен. Дәрігерлер де бұған алаңдаулы. Қаладағы қонақүйлердің бірі COVID-19-ды жұқтырғандарға арналған ауруханаға айналды. Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Астана күнін тойлауға тыйым салды. Бас қаладағы және қызыл аймақтағы өзге өңірлердегі ахуал қалай? Қандай жаңа шектеулер енгізілді? Тілшілеріміз айтуға дайын.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Бұған дейінгі шектеулер нәтиже бермеді. Себеп -тұрғындардың салғырттығы. Бас санитардың сөзінше, үй жағдайында оқшауланғандарды карантин қызықтырмайтын сыңайлы. Содан болар, індетке шалдыққандардың апталық көрсеткіші 2.8 есеге өскен.


Инфекциялық ауруханаларға күніне орта есеппен 150-200 адам жатқызылады. Ал, тәулігіне 350-ден 620-ға дейін кеселге шалдыққандар анықталуда. Қаланың бас дәрігері, орын тапшылығы бола ма деп қорқып отыр. Өйткені емдеу мекемелеріндегі төсек орынның 70% -ы толып қалған.

Тимур МҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

2001 инфекциялық төсек-орынның 598-і ғана бос, оның ішінде 36 реанимациялық төсек-орын. Жансақтау бөлімінде 111 науқас, КВИ-мен – 100 адам. Ауыр жағдайда 57 науқас, өте ауыр хәлде - 43.

Сархат Бейсенова коронавирустың "жасарып" жатқанын жеткізді. Індеттің ілмегіне ілініп жатқандардың көбі - 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар.

Сархат БЕЙСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

COVID-19-мен ең көп ауыратындар ересектер. Бұл жалпы анықталған жағдайдың 79 пайыздан астамын құрайды. Өкініштісі, салауатты өмір салтын ұстанатын, жиі қозғалатын жастар да ауру жұқтыруда. 11 маусымнан бастап осы жас тобындағы сырқаттанушылық 37,3 пайыздан - 41 пайызға дейін көтерілді.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:


Елорда наурыз айынан бері «қызыл» аймақтан шыға алмай келеді. Демалыс күндері Алматы қаласы мен Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары Нұр-Сұлтанның қатарына қосылды. Аймақтардың санитарлық дәрігерлері де шектеу шараларын күшейткен сияқты. Атырау облысындағы әріптесім Базаргүл Нәдірқызы облыстағы ахуалды баяндауға дайын екен. Базаргүл.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Рахмет, Асылбек! Я, Атырауда да эпидахуал мәз емес.  Соңғы тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырған, мұнайлы өңір  тағы да  «қызыл аймаққа» енді.  Бас санитар қаулыны қайта-қайта өзгертіп, карантиндік шараларды күшейткенімен, нәтиже көңіл көншітпей тұр.  

Атырауда да енді  ірі сауда орындары сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. Қалған күндері тек кешкі 7-ге дейін ашық болады.  Бас санитарлық дәрігер мәдени-көпшілік шараларға да бүгіннен бастап тыйым салды.  

Әлия БЕКЕШОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САНИТАРЛЫҚ –ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Тиым салынғанның ішінде «Ашық» жобасына, платформасына социалдық. экономикалық нысандарды қоспағанда, ойын сауық кешендері, қоғамдық тамақтану орындарының ішінде орналасқан балалар ойын сауық кешщендері және де биллиард, боулинг, клубтар түнгі, компьютерлік клубтар , оның ішінде банкет залдары, жабық үй жағдайында өткізетін соның ішінде отбасында өткізетін шараларды өткізуге тиым салынған.

Бірақ қаулыға құлақ аспайтындар жетерлік.  Жыл басынан бері 321 тұлғаға 44 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Олардың дені-мейрамханалар мен үйінде тығылып той тойлағандар.

Балабақшада 15 балаға арналған кезекші топ қана болады, жазғы лагерлер де санаулы орынға рұқсат берілді.    Бұған дейін 50 пайызы онлайнға көшкен  мемлекеттік мекеме мамандарының енді 80 пайызы үйден жұмыс істейді.  

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Сондай-ақ, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, скверлерде, жағалауда, парктерде және өзге де демалатын орындарда  3 адамнан артық топталып жиналуға тыйым салынды.  Айта кетейік, аймақта   43 мың адам вакцинаның  екі компонентін де салдырған. Айжан, Қарағандыда эпидахуал қалай? ауруханада жатқандар көп пе? Вакцинациялау қалай жүріп жатыр.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:


Рахмет, Базаргүл, Қарағанды облысы екі апта сары аймақта болып еді,енді қауіпті «қызыл» аймақтар қатарына енді.  Өткен тәулікте өңірде корнонавирустан 7 адам қайтыс болды. Ал 278 адам ауру жұқтырған.
   

Қазір 60 адам жан сақтау бөлімінде жатыр.   9 адам жасанды тыныс алу құрылғысына қосылған. Инфекциялық ауруханаларда 1174 науқас емделіп жатыр. 4 мыңдай тұрғын үй карантинінде отыр.

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Облыста жағдай тұрақсыз. Барлығы 37449 науқас тіркеліп, жұқпа зертханада анықталды. Бұл халықтың санитарлық талаптарды сақтамауының салдары. Той- томалық, отбасылық мереке, еске алу рәсімдері көбейіп кеткен. Аурудың белгісі білінбегенімен ауырып жүрген тұрғындар бар. Сондықтан адам көп жиналған жерде инфекция тез тарайды.

Сонымен өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 23 %- ға өскен және науқастардың тең жартысына жуығы- Қарағанды қаласының тұрғыны.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Былтыр да дәл осы маусым, шілде айларында ауру өршіген болатын. Өлім- жітім   көп тіркелді. Биыл да жағдай ушығып кетпеу үшін Қарағанды облысында карантин тағы да күшейді. Шілдеден бастап азық- түлік дүкендерін қоспағанда сауда орталықтары демалыс күндері жабық болады. Ал мейрамханалар кешкі 8- ге дейін ғана жұмыс істейді, оның өзінде келушілер бұрынғыдан 50 %- ға аз болуы тиіс.

А. Данияр