Алматылық жұп өз баласын сатпақшы болды. Ерлі-зайыптылар Өзбекстаннан келген. Олар сәбиді Жамбыл облысында тұратын әйелге саудалаған. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі зерттеу жүріп жатыр.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Осы жұп 2019 жылы дәл осындай тәсілмен бірінші балаларынан құтылғаны белгілі болды ". Ол кезде де балаларын бөтен біреуге сатып жіберген.Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды.ҚР-ның қылмыстық кодексінің 135-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, ел аумағында адам саудасын ауыздықтау, азаматтарды құлдықта ұстауды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған жедел-профилактикалық «STOP трафик» шарасы кезінде осындай 56 қылмыс анықталды. 2 тұрғынды бостандығынан заңсыз айырып жұмысқа салу және 2 адам саудалау қылмысы тіркелген. Оның екеуі де кәмелетке толмаған жеткіншектер. "Қылмыстың алдын алу шаралары әлі жалғасуда", дейді мамандар.
Л. Қуанышқызы