Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы фармацевтика саласының мамандары Премьер-министрдің орынбасарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2021
  • 1490

Алматыда премьер-министрдің орынбасарымен кездескен отандық тауар өндірушілер фармацевтика саласындағы мемлекеттік функцияларды бір уәкілетті органға біріктіруді ұсынды.  

Қалаға  жұмыс сапарымен келген Ералы Тоғжанов Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығының жұмысымен танысты.   Онан кейін    өндірістік базаларды аралап көрді. Вице- премьер министрдің айтуынша, мемлекеттік функцияларды біріктіру   өте өзекті. Қазір дәрі-дәрмек өндірісіне  үш ведомсто жауапты.  Жиынға қатысушылар сондай-ақ, биофармацевтикалық холдинг құру мәселесін көтерді.  Айта кетейік, елімізде    фармацевтикалық өндірісті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары  жүзеге асырылуда.

Юлия ЯКУПБАЕВА, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұнда жаңа технологияларды дамыту, зертханаларды жабдықтау, жаңа келісімшарттар жасау сынды мәселелер талқыланды. Экспорттық әлеует тақырыбы да көтерілді. Осы фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуда нақты қандай кедергілердің бар-жоғы айтылды.

Ә. Лесбек