Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулин мен Ресей Федерациясы Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге келді. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық диалог орнағанын атап өтіп, бірлескен жұмыстың келешегі жайында талқылады.Сондай-ақ, екі елдің мемлекет басшыларының арқасында құрылған Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының стратегиялық сипатын атап өтті.
Б. Сатуов