Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» алаңында жас кәсіпкерлерді қолдаудың тиімділігі талқыланды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2021
  • 1390

Соңғы 4 жылда елімізде «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 150 мыңнан астам адам оқытылған, бірақ соның   30% -ға жуығы ғана өз кәсібін ашқан. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл сайын жастардың кәсіпкерлігін қолдау үшін қаржы бөлінеді, бірақ соған сәйкес жұмыс жүріп жатқан жоқ. Әсіресе, ауыл-аймақтарға ол жете қоймайды.

Мәди АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:


Жас кәсіпкерлерге қолдау жоқ емес, бар. Бірақ қолдау тиісті деңгейде емес. Қазіргі таңда жастардың 43 пайызы өмір сүріп жатқан ауылдар мен аудандар да бизнеспен айналысу кезінде қаржылық, ақпарттық, білім, инфрақұрылымдық мәселелер туындап отыр. Жалпы жастар кәсіпкерлігін реттейтін нормативтік құқықтық базаны әлі де жетілдіріп, бизнеске салық жүтемесін төмендету қажет.

Дегенмен елде жұмыссыздық динамикасы биыл біршама жақсарған. Оны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрі Ержан Біржанов айтты. Жұмыссыздық деңгейі -3,7 пайыз. Бұл былтырмен салыстырғанда біршама төмен дейді министр.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:


Экономикалық белсенді жастардың саны 2млн 36мың 600 адамды құрайды.Оның ішінде 96,3пайызы жұмыспен қамтылған.Ол 1млн 961мың адам. жҰмыспен қамтылғандардың 78 пайызы жалдамалы жұмыскерлер, 430мыңы немесе 22 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.


Б. Сатуов