Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйллэтпен кездесті. Мемлекет басшысы екіжақты кездесу барысында АҚШ Энергетика министрінің орынбасарына халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық байланыстарымыз орнаған 25 жыл ішінде екі ел арасында сенімді ынтымақтастық қалыптасқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың нәтижелеріне ерекше тоқталып, оны әрі қарай дамытуға ниетті екенімізді атап өтті. Д.Бруйллэтт АҚШ Президенті Д.Трамптың атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және барша қазақстандықтарды «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуімен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
В Казахстане работают более 500 компаний с участием американского капитала. В том числе крупнейшие нефтяные компании, которые вложили в казахстанскую экономику 40 млрд долларов США. Мы готовы и дальше развивать наше сотрудничество.
Дэн Бруйллэтт, АҚШ Энергетика министрінің орынбасары:
Қазақстан америкалық инвесторлар мен бизнестің жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасады. Соның ішінде инвесторларға арналған визалық режімге өзгеріс енгізілгені үшін ерекше алғыс білдіреміз.