Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдегі қандастарымызға арналған «Отанға барар жол» байқауы жарияланды

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2021
  • 1970

Әлем елдерінде 5 миллионға жуық қандасымыз тұрады. Олардың көбі тарихи отанына оралуға тырысады. Ең болмағанда елдегі озық білім беру орындарында білім алуға ниетті. Бұл туралы халықаралық білім беру корпорациясының өкілдері мәлімдеді. Сондықтан, шетелде тұратын қандастарымыздың  арасында жоғары білім алуға арналған «Отанға барар жол» байқауы жарияланды. Жоба аясында 20 грант бөлінбек. Корпорация мамандары бұл   шетелдегі қазақтар үшін үлкен мүмкіндік дейді. Сонымен қатар басқа Университеттерге де қосымша грант бөлуге шақырды.  

Қайыржан МЕҢДІҒАЛИЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ:

Қандастарымыз елге оралуды аңсайды. Мен де кезінде осында оқуға түсуге құлшындым. Тіпті тесттен өте алмай қалсам да көшіп келер едім. Сондықтан, мен сияқты өзге де балаларға үлкен мүмкіндік сыйлайтын бағдарламалардың көбейгені құба-құп.


Қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін шетелдік азаматтар да ҰБТ тапсыруға міндетті. Бұл көптеген талапкерлердің мүмкіндігін азайтады дейді мамандар.  Сондықтан мекеме талапкерлерге жеңіл болуы үшін шығармашылық тапсырмалар мен әңгімелесу кезеңін ұйымдастырмақ.

Азамат АСҚАР, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ МАРКЕТИНГ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


Кеше ғана басталды. Өтінімдер түсуде. Конкурстың кезеңдері бірге жүреді. 20-шілдеге дейін өтініммен қатар тапсырмалардың орындалуын қадағалаймыз.

Ғ.Өтемісов