Русский Сайттың толық нұсқасы

Су тапшылығы үлкен апатқа әкелуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2021
  • 1826

Елімізде биыл су тапшылығы қатты сезіліп тұр. Әсіресе, Сырдария мен Шу өзені бойында егіншілікпен айналысып отырған елдің көңілі алаңдаулы. Биыл Шардараға құйылып  жатқан судың өте аз екенін мамандар да жасырмайды.  Халық мұның соңы экономикалық құлдырауға, экологиялық апатқа әкеп соқтырады ма деп үрейленіп отыр. Өңірлердегі әріптестеріміз байланысқа шығады, Қызылордадағы меншікті  тілшіміз Мөлдір Тоқтасынқызы қазір эфирде,   Мөлдір,  аймақтың онсыз да қиын жағдайдағы  экожүйесі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы су тапшылығынан қандай қиындықтарға тап болуда?

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Рахмет, Лаура! Я, биыл жағдай қиын боп тұр. Сырдарияға жоғарыдан құйылатын судың көлемі былтырға қарағанда 15 пайызға аз. Секундына 550 текше метр ғана су құйылып жатыр.

Аграрлы аймақта күріш егістігінің көлемі қысқарды. Соның өзіне су жеткізу қазір оңай болмай тұр. Бірақ мамандар еңбекті еш кетірмеудің барлық амалдарын қарастыруда.    

Сейілбек НҰРЫМБЕТОВ, «АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙНДІК СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Су аз екені түсінікті. Бірақ сондада кезектесіп пайдалану, қашыртқының суын пайдалану деген сияқты, әрі насостар қою деген сияқты су шаруашылығы мекемелерімен құрылымдар бірге жасап жатыр.

Дария суының азаюы аймақ экологиясына да зардабын тигізуде. Арал маңындағы  көлдер жүйесі құрғап, картадан жоғалып кету қаупі төніп тұр. Экологтар  дабыл қағуда. «Бұл тек Сыр жұртшылығының ғана емес, бүтін бір елдің басына төнген қауіп» дейді олар.  

Сайлаубай ЖҰБАТЫРҰЛЫ, ЭКОЛОГ:

Біз осы өзенге ортақ ел ретінде 4 мемлекет, Арал теңізі бесінші нысан, өзіміздің  заңды суымызды міндетті түрде бекітіп алуымыз керек. Ар жағы табиғаттың өзінің мінезі. Сырдың экологиясы жұтады, мейлінше шарықтау шегіне жетті. Мұнан да жаман болуы мүмкін. Жағдай осылай бұзыла беретін болса, Оңтүстіктегі өлкелеріміз. Шекараның бер жағындағы шекарадан арғы өлкелердің бәрі де осының зардабын тартатын болады. Бұл болашақта ұрпағына кететін қасірет болуы мүмкін.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жарты ғасыр бұрын Сыр өңірінде 3 мыңнан астам  көл болған. Соның қазір 200-і ғана қалған.  Алдағы 5 жылда жағдай өзгермесе онан да айрылып қалуымыз мүмкін.  Сондықтан трансшекаралық өзеннің су бөлу саясатын   мемлекетаралық деңгейде қайта қарап, теңдей бөлу керек дейді мамандар.   Әрі қарай Жамбыл өңіріндегі әріптесім Берік Жұмабай жалғастырады. Себебі, ол аймақтың халқы да құрғақшылықтың зардабын тартып отыр.   Берік, білуімізше, Шу мен Талас, Аса өзендерінде де су деңгейі төмен түскен, бұл тіршілікке қалай әсер етіп жатыр?

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Иа Мөлдір, Жамбыл облысында өзендердің су деңгейі түсіп кеткендіктен шаруаларға мал азығын жинау мұңға айналған. Қуаңшылықтың кесірінен шөп жылдағыдан аз шықты дейді. Сондықтан жем-шөптің бағасы 70 пайызға қымбаттаған.  Су жетіспеушілігін мамандар биыл жауан шашынның аз жауғандығымен байланыстырады. Оның үстіне Қырғызстаннан келетін су азайған.  Қазір менің қасымда су шаруашылығы саласының маманы тұр. Жағдайды сол кісі баяндасын.  Ғалия Ғаббасқызы көрші ел суды неге қысып жатыр?  

Ғалия ЗАРУБАЕВА, "ҚАЗСУШАР" РМК ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Қырғызстан тарапынан Жамбыл облысы Шу және Талас өзендер арқылы «Су бөлу Ереже бойынша» ағын су алады. Екі мемлекет арасындағы келісілген кестелерге сай Шу өзені бойынша 318 млн текше метр, ал Талас өзені бойынша 500 млн.текше метр берілуі тиис. Биылғы жыл Шу өзені бассейні бойынша  сулылыға  өте төмен болып тур, таудағы мұздықтардың  қоры төмен болып, ауа райына байланысты  ерімей, Шу өзенге судың  тусуі төмендеген. Сондықтан Шу өзені бойынша Қырғызстаннан  бізге беретін  судын мөлшері екі есе төмен болып жатыр.

Диқандар қалай шығып жатыр бұл қиындықтан?

Ауыл шаруашылықтарға су көп қажет ететің дақылдарды, монокультураларды екпеуге ұсыныс бергенбіз. Ал шаруалар өздеріне қалай пайда әкелетін дақылдарды еккен, сол себептен кәзір суға талас болып жатыр, өткені сол дақылдар бір уақытта суды ішу керек.  Ен қиналатын аудан Қордай ауданы болып тур. Біріншіден су екі есе аз тусуде, соны водооборот жасауға ауытқумен бергеніне  қыин болып тур. Еген дақылдар  керек мөлшерде, керек уақытысында  су алмаса, сонда шаруалар егін алалмай қалатын қауіпі бар.

Берік ЖҰМАБАЙ ТІЛШІ:

Рахмет, Ғалия Ғаббасқызы!

Ауыл шаруашылығының мәліметінше аймақта 768,5 мың гектар егістік алқабы бар. Соның 40 пайызына су жетпей қалуы мүмкін. Ал жалпы облыстың мал азығына деген қажеттілігі 1 миллион 712 мың тонна. Қазір соның 350 мың тоннасы ғана дайын. Сарысу мен Талас ауданының   шаруалары жем-шөпті Түркістан мен Қарағандыдан    сатып алуда. Мендегі ақпарат осы. Әріптестер, сөз өздеріңізде.

Б. Жұмабайұлы