Русский Сайттың толық нұсқасы

"Nur Otan"-да ұлттық және өңірлік деңгейдегі экологиялық проблемалардың тізімі бекітілді

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2021
  • 1449

Маңғыстау облысындағы қуаңшылық Атырау облысында да болуы мүмкін. Себебі Жайық өзенінің суы тартылған. Бұл туралы мәжлісмен Дүйсенбай Тұрғанов "Nur Otan" партиясының Экологиялық кеңес  отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазірдің өзінде Атырауда жем-шөп пен суару көздерінің жетіспеушілігінен ауыл тұрғындары  малдарын қайда жіберерін білмей отыр. Бұл алаңдаушылық туғызатын мәселе дейді,- депутат.
 
Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Жайық өзенінің жайы үлкен алаңдаушылық туғызады. Оның бассейінінде 10млн, текше метрден астам 12 ірі су қоймасы және күрделі құрылыстары бар 80-ге жуық су торабы салынды. Бассейіннің барлық шағын өзендерінде3100-ге жуық жер бөгеті жүйесіз тұрғызылып, Жайық суының деңгейіне орны толмас зиян келтірді.

Отырыста мәселені шешудің жолдары бойынша   бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселен Жайық өзенін ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының қатарына қосу және Атырау облысын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жөніндегі өңірлік жоспар  әзірлеу ұсынылды. Бұдан басқа, жергілікті билік Бас прокуратураның заңсыз салынған бөгеттерді жою жөніндегі нұсқамасын орындауға және бөгеттер мен су қоймаларын есепке алу мен салуды одан әрі тәртіпке келтіру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.

Б. Сатуов