Русский Сайттың толық нұсқасы

«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруда келеңсіздік көп

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2021
  • 1887

Еңбек және Ұлттық экономика министрліктері «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыс істей алмаған. «Nur Otan» Партиялық бақылау комитетінің мүшелері осындай қорытынды жасады. Айтуларынша, олар жұмысқа қабылдауды тек қағаз жүзінде жүргізген, жұмыспен қамту орталықтарындағы есептерді бұрмалап және бюджеттік несиені мақсатсыз пайдаланған. Сонымен бірге, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға соңғы 4 жылда республикалық бюджеттен шамамен 600 миллиард теңге бөлінген. Бірақ   азаматтардың   31 % -ы ғана жұмысқа орналасқан.  Оның өзі тек қағаз жүзінде. 2019 жылы осындай 120 мыңға жуық істің беті ашылған. Жұмыс берушілер өз қызметкерлерін жұмыстан шығарып, оларды жұмыспен қамту орталықтары арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына қайта қабылдаған.  

Артур ПЛАТОНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы салаға жауапты орталық және жергілікті билік органдарының лауазымды тұлғалары көбіне көрсеткіштердің соңына түсіп, нақты ахуалдың өздері әдемілеп «бояған» есептерден айырмашылығы көп екенін байқамайды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамытуда да жағдай оңып тұрған жоқ. Партиялық бақылау комитетінің ақпаратынша, прокуратура органдары бір миллиард теңгеден асатын несиені негізсіз берген 340-тан астам жағдайды анықтаған. Сондай-ақ жарты миллиард теңгеден астам бюджеттік несие мақсатсыз пайдаланылған.  

Кездесу қорытындысы бойынша Партиялық бақылау комитеті Еңбек вице-министрі Ержан Біржановқа Қарағанды және Түркістан облыстарының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшыларын партиялық жауапкершілікке тартуды ұсынды.

А. Данияр