Русский Сайттың толық нұсқасы

Е.Біртанов пен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2021
  • 2270

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, экс-шенеуніктер лауазымдарын асыра пайдаланған деген айып тағылып отыр. Құзырлы органның мәліметінше, олар жарамсыз ақпараттандыру платформасын қабылдап, пайдалануға берген.

Әбу-Әли ӘЛІБЕК, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС КЕҢЕСШІСІ:

Платформа Денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты бірік тіруі керек еді. Бүгінгі таңда платформа жұмыс істемейді және оны медициналық мекемелердің пайдаланбайтыны жиналған дәлелдермен расталады. Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 миллион АҚШ долларын немесе 1,5 миллиард теңгені құрайды.

Одан бөлек, Елжан Біртановқа, өткен жылы санитарлық авиацияның әуе кемесін жеке басының жұмыстарына қолданған деген күдік те бар. Қазір аталған агенттік қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастады. Ал, қалған дәйектерді Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға тыйым салынған.

А. Данияр