Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 2023 жылы құрамында қант бар сусындарға акциз енгізіледі

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2021
  • 1550

Қазақстанда 2023 жылы, құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізіледі. "Nur Otan" партиясының мүшелері халық денсаулығын жақсарту үшін осы тектес шараларды біраздан бері ұсынып келеді. Ұсыныс жерде қалмады.  Қоғамдағы өзекті мәселе Үкіметке жетті және ол қолдау тапты. Бұл Партия жанындағы ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында белгілі болды.

Жәмила САДЫҚОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:

Акциздерді арттырудың алғашқы қадамы 20% болуы шарт. Яғни, кез келген сусын бөтелкесінің 20% бағасы мемлекетке түсуі керек. Біз мұны нақты қолға алуымыз керек. Мен денсаулық сақтау министрлігі мен экономика министрлігінен осы аргументті елеп-ескеруін сұраймын.


Бұдан бөлек, жиында өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының құрылысы сөз болды. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі "Жол картасы" аясында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі ғылыми-инновациялық көпсалалы клиниканың құрылысы басталды. Алдағы 5 жылда өңірлерде 20 заманауи медициналық орталық ашылады. Сонымен бірге, барлық елді-мекендерді фельдшерлік-акушерлік және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Қоғамдық кеңес мүшелері нысандардың құрылыс кестесінің сақталуына баса назар аударды.

Лариса ПАВЛОВЕЦ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Батыс Қазақстан облысында тапсырманың немқұрайлы орындаудың көп жағдайы анықталып жатыр. Менің ойымша, өңірлердегі кеңес төрағалары мұны жоюға күш салады. Ақсуат, Алматы, Базартөбе, Базаршолан, Жаңабұлақ және т.б. ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар салу бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген – жалпы 5 нысан бар. Теректі ауданы - 3 нысан. Бақылауға алыңыздар. Біз күзге қарай жұмыстың қалай орындалғанын тексереміз.

А. Данияр