Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда алдағы төрт жылда 15 жаңа мектеп пайда болады

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2021
  • 1532

Алдағы төрт жылда Алматыда он бес жаңа мектеп пайда болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова «Nur Otan» партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысында айтты. Бүгінде қалада сегіз білім беру мекемесі белсенді түрде салынуда. Олар мегаполистің Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында орналасқан. Мектептердің әрқайсысы 1500 орынға арналған. Сонымен қатар, 17 білім беру нысаны, қосымша ғимараттар салу арқылы кеңейтілмек. Бұл қадамдар қаладағы орын тапшылығын азайтуға көмектеседі, - дейді депутат.  

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Енді алдағы уақытта құрылыс қарқынды болайын деп отыр. Соның негізінде 22 мың мектеп оқушыларының орын тапшылығын жалпы шешу мәселесі қарастырылып отыр.

А. Базарбай