Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында екі көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2021
  • 2469

Алматы облысында тоқсан отбасы қоныс тойын тойлады. Облыста екі көпқабатты тұрғын үйдің кілттері табысталды. Пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген. Қандай санатты тұрғындар өздерінің жеке шаршы метрлерін алды? Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай айтады.

Көпбалалы ана Жазира Бейсенбекова өз шаршы метрін бес жыл бойы күткен. Пәтер аламын деген арманым күн сайын сөне берді, - дейді ол. Бірақ кенеттен жауапты органнан қоңырау шалынып, сүйінші хабарды жеткізген. Бүгінде Жазира отбасымен бірге жап-жаңа екі бөлмелі пәтерге қоныстанып алды.

Жазира БЕЙСЕНБЕКОВА, ӨТЕГЕН БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрып жүрдік. Бүгін қуанышымыз қойнымызға сыймай, мәз болып бала-шағамызбен мәре-сәре болып жатырмыз.  

Жазира Бейсенбековамен бірге Өтеген батыр ауылының тағы алпыс тұрғыны өз шаршы метрінің иесі атанды. Көппәтерлі тұрғын үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайдалануға берілді. Баспана сапалы, - дейді шенеуніктер. Билік үйге жапсарлас аумақты да жақсартқан. Оған қоса, жақынарада тағы бірнеше жүздеген жергілікті тұрғындар қоныс тойын тойлай алады, - деді Іле ауданының әкімі.

Бағдат ҚАРАСАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биылғы жылы тамыз-қыркүйек айларында біз 72 пәтерлі үйдің құрылысын бастаймыз. Осы бағдарламаға сәйкес. Ендігі жылы осы екі үй жалғасын тауып, біз 22-23 жылы осының барлығын аяқтаймыз.

Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ облысына қарасты Есік қаласында отыз отбасыға пәтер кілттері табысталды. Шаршы метр иелері арасында жетім балалар, мүгедектер, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары бар. Жаңа қоныстанушылар қатарында зейнеткер Клара Оразбекова да бар. Ол ұлымен және немерелерімен бірге үш бөлмелі пәтерде тұруды жоспарлап отыр.

Клара ОРАЗБЕКОВА, ЕСІК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл екінің біріне бұйыра бермейтін дүние. Бала бақыт деген сол. Осы 4 баласының арқасында осындай зәулім үйге кіріп жатыр. Қуаныштымыз.

Бұл үй де «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған. Қала тұрғындары жалға берілетін баспана үшін айына 8 мың теңге төлейтін болады.

Әділжан СМАҒҰЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

3 комнаталы үйлердің барлығын көп балалы ата-аналар алды, сосын инвалид адамдар алды. Инвалид бала бағып отырған кісілер, основном прожиточный минимумнан төмен тұратын адамдар алды.

Билік нысандарды пайдалануға беруді елорданың туған күніне орайластырылған. Оған қоса, бұл күндері Ащыбұлақ ауылдық округінде «Монтессори академиясы» жеке мектебі де есігін айқара ашты. Мұнда 650 бала Монтессори әдісі бойынша оқытылатын болады.

А. Базарбай