Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық паркте қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2021
  • 3562

Қар барысы тағы да фототұзаққа түсті. Жыртқыш жануар «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде анықталған. «Қызыл кітапқа» енген жануар   бұған дейін де  фототұзаққа  бірнеше рет түскен болатын.  Саябақ әкімшілігінің ақпаратына сүйенсек, бұл аумақта тек 16 қар барысы бар. Жануарлардың саны тұрақты дейді. Айта кетейік, елімізде 130-ға жуық қар барысы бар,  ал әлемде олардың саны  7 мыңнан аспайды. Жыртқышты есепке алу мен бақылау үшін   фотоқақпан қолданылады.

Ғ.Өтемісов