Русский Сайттың толық нұсқасы

Археологтар Елеке сазы қорғанынан алтын бұйымдар тапты

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2021
  • 2266

Археологтар Шығыс Қазақстаннан жаңа алтын бұйымдар тапты. Ғалымдар бұны «әлемдік жаңалық» деп атады. Елеке Сазы алқабындағы қорғанды қазу кезінде тәж тағып тақта отырған қаған император бейнеленген әшекейлер табылған. Бұл бұйымдар түрік ақсүйектеріне тиесілі болуы мүмкін.  Басқа алтын тәрелкелердің бірінде таққа атқа мінгендей қалыпта отырған қағанның басына үшбасты тәж кигізіліп жатқаны көрінеді. Және уәзірлерінің оған құрмет көрсетіп тұрғаны суреттелген. Ал екінші бұйым жартылай сақталған. Сарапшылардың пайымынша, онда билеушінің мұрагер ұлы бейнеленген болуы мүмкін. Ғалымдар барлық бұйымдардың ұсақ бөлшектеріне дейін қалпына келтіру үшін талдау жасап жатыр. Профессор Зейнолла Смашевтің айтуынша, бұрын мұндай қорымдарды қазу кезінде зергерлік бұйымдардың тек сынықтары ғана табылатын. Бірақ, бұл жолы түркі империясының баға жетпес бұйымдары алғаш рет тұтас, сынбаған күйінде шықты.

Зейнолла САМАШЕВ, АРХЕОЛОГ:

Біз қайтыс болған қаған-императордың денесін өртейтін жерді тапқан сияқтымыз. Бұл біз үшін өте маңызды. Ежелгі түркі мәдени кешенін зерттеу тарихында алғаш рет осындай бейне түріндегі бұйымдар кезікті.Мұны ұлы тарихи сәт деп атауға болады. Ол ғұрыптық ыдысты ұстап, тақта отыр. Сол қолы сол аяқтың тізесінде. Бұл- әулиелердің іс-қимылы. Бұл -сенсация, әлемдік деңгейдегі тың жаңалық.


Л. Қуанышқызы