Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте апатты мектептер мәселесі шешіледі

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2021
  • 1843

Шымкенттегі «Құрсай» шағын ауданында жаңа мектеп салынып жатыр. Айта кетейік, қаладағы 186 мектепте 250 мыңға жуық бала білім алады. Жауаптылардың айтуынша мектеп пайдалануға берілсе шағын аудандағы оқушылардың бір ауысымда білім алуына мүмкіндік туады. Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» фракциясының мүшелері білім ошағының құрылысымен танысты. Мектепті мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жеке инвестор салып жатыр. Қазір нысан құрылысының 60 пайызы біткен. Мектеп   жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі.

Ғани ТАШҚАРАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Бұл жекеменшік мектеп. Жекеменшік болғанда ол өз ақшасын құйып жатыр. Біз осындай адамдарды әр уақытта қолдауымыз керек. Қазір қараңызшы, айналасындағы адамдар қуанып жатыр. Инвестиция құйып жатыр. Жолдар мәселесі, су мәселесі қазір көрініп жатыр. Оның бәрін ақылдасып, сөйлесіп шешуге тырысып жатырмыз.


А. Базарбай