Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2021
  • 1763

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген   Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова Шу ауданының жұршылығымен жүздесті. «Нұр Отан» фракциясының мүшесі сондай-ақ ауданда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты.    Төле би ауылында «Оқушылар сарайы», 240 орындық мәдениет үйі және мектеп бой көтеруде.  Депутат мұнан кейін Қорағаты ауылдық округі әкіміне үміткердің бірлескен іс-шарасына қатысып, жұмыс жоспарын тыңдады.   Сайлауға облыс бойынша "Нұр Отан" партиясы атынан 31 кандидат ұсынылған. Олардың 8-і- 35 жасқа дейінгі азамат болса, 3-уі әйел. Үміткерлердің басым көпшілігі білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, бизнес саласының өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер.

Б. Жұмабайұлы