Алакөлге бара жатқан 4 адам жол апатынан қаза тапты. Үш адам жарақат алды. Оқиға Шығыс Қазақстанның «Мақаншы-Жалаңашкөл» жолында болған. Үш көлік соқтығысып, екі әйел мен екі бала сол жерде көз жұмған. Ал жарақат алғандар Мақаншы ауылындағы ауруханаға жеткізілген. «Жол жүру ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлі 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Андрей ЛАРИОНОВ, ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Geely» автомобилінің жүргізушісі Мақаншы жағынан Алакөлге бара жатқаны анықталды. Бірақ қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей қарсы жолаққа шыққан. Осылайша, қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысқан.
Мақаншы ауылы ауруханасының бас дәрігерінің сөзінше, қазір 3 науқас та жарақаттық шок жағдайында. Оларды облыстық ауруханаға жеткізу жайы әзір қаралып жатқан жоқ, дейді.
Нағима ЖАҚИЯНОВА, МАҚАНШЫ АУЫЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: АУДАРМА:
Барлығының миы шайқалған,жарақат алған, бірақ ешқандай жері сынбаған. Бірақ, жағдайлары ауыр деп айтуға болады. 2-3 күннің ішінде олар жарақаттық шок жағдайынан шығулары керек. Бір науқаста психологиялық шок бар әрі жарақат алған. Қазір оларды басқа жерге ауыстыру туралы айту ерте.
Л. Қуанышқызы