Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында балық қырылды

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2021
  • 1689

Атырау облысында балық қырылып қалды. Бұл жағдай шалғайдағы Исатай ауданындағы Нарын каналы бойында тіркелген. Әлеуметтік желіде таралған бейнекөрініс көпшіліктің алаңдаушылығын туғызды.  Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, екі центнерге жуық өлген мөңке, қаракөз сынды балықтар жиналып, арнайы белгіленген жерлерге көмілген.  Балықтардың қырылу себебі, су деңгейінің соңғы уақытта қатты төмендеп кеткенінен дейді жауаптылар.

ҚР ЭГТРМ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ:


Барлық жұмыстар санитарлық нормаларға сәйкес жүргізілді.  197 келі   өлексе жойылды. Балық инспекциясының бақылауымен Жайық өзеніне тірі балықтарды жіберу жоспарланып отыр.  Жағдайды нақтылау және балықтардың өлу себебін анықтау нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.


А. Дукембаева