“Nur Otan” партиясының мүшелері коммуналдық сала қызметкерлері мәртебесін енгізуді ұсынды. Бұл идеяны олар азаматтық қоғамды дамыту жөнңндегі қоғамдық кеңесте айтты. Жиын онлайн режимде өтті. Нұротандықтар атап өткендей, су мен электр энергиясымен, газбен қамтамасыз ететін қызметкерлер мәртебелері болмағандықтан баспана алуға арналған бағдарламаларға қатыса алмайды. Сондай-ақ, олардың жалақылары төмен болғандықтан банкке алғашқы салымды да төлей алмайды. Атап өтейік, бұл проблема Алматыдағы 10 мыңнан астам адам үшін өзекті болып тұр.
Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,” NUR OTAN” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бұл біздің мыңдаған азаматтарымыз жұмыс істейтін мекеме. Олардың ешқандай мәртебесі жоқ болғандықтан, Отбасы банкіне алғашқы салымдарын сала алмайды. Өйткені оларды мемлекеттік не әлеуметтік қызметкер деуге келмейді. Біз болашақта мемлекеттік басқару туралы заңға муниципиалдық қызметкерлер деген категорияны қосу керектігі туралы айтып отырмыз. Егер бұл адамдар болмаса, қала да болмайды.
Жиынға қатысушылар елімізде алғаш рет өтетін ауыл әкімдерін сайлауын да талқылады. “Nur Otan” партиясы атынан 586 кандидат қатысуда. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде партиялықтар миллионнан астам сайлаушыны қамтыған.
Л. Қуанышқызы