Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы 71 ауылдық округке әкім сайлауы өтті

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2021
  • 1726

Алматы облысында ауыл әкіміне үміткер ретінде 238 адам тіркелген. Соның ішінде 154 кандидат өзін-өзі ұсыныпты. Өңірде науқанға қатысуға 220 мың сайлаушы құқылы. Жалпы, аймақ бойынша 71 ауылдық округке әкім сайланады.  Дауыс беру әдеттегідей таңғы 7-де басталды. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты  барлық дауыс беру орындарына санитарлық талапты қатаң сақтау міндеттелген. Сайлау учаскесі қызметкерлері есік алдында келушілердің дене қызуын өлшеп, ішке кіргізіп отырды. Сонымен бірге, әлеуметтік арақашықтықты сақтау жайы да қатаң қадағаланды. Өңірдегі бір ғана Чапаев ауылдық округінде 3 дауыс беру орны жұмыс істеді. Мұнда 12 мыңға жуық тұрғын болса, солардың 6 жарым мыңнан астамы дауыс бершілердің қатарына енгізілген. Мұнда үміткерлердің саны - төртеу.

Махамбет МҰҚАЖАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ №414 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ:

Талаптардың бұзылуы туралы ешқандай факт тіркелген жоқ. Барлығы өз деңгейінде өтуде. Комиссия мүшелеріне екпе алу паспорты және де сенімді өкілдер мен бақылаушыларға да екпе паспорты міндеттеліп, талап етіледі. Сайлаушылардың саны бойынша 2584 сайлаушы тіркелген.


Сайлауға "Nur Otan" және "Adal" партияларының өкілдерімен қатар, тағы екі үміткер өз-өздерін ұсынған. Олар бұған дейін тұрғындармен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Ауыл халқы осыны айтты. Сайлауға дауыс беруге келген Айтжан апаның, бұл науқаннан күтері көп.

Айтжан ЖҰМАҚҰЛОВА, ЧАПАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үкіметіміздің бізге бостандық беріп, тәуелсіздігімізді анық қолымызға алудың құқын беріп отырғанын көзімізбен көріп отырмыз. Қай әкім болса да, кім болса да бұл ауылдың жағдайын ойлайтын, ауылдың қарапайымдылығы, халықпен бірге тығыз байланысы   сол бізге керегі.


А. Данияр