Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысына 400-ден аса тәуелсіз бақылаушы келген

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2021
  • 1296

Павлодар облысындағы саяси науқан барысын бақылауға 400-ден аса тәуелсіз бақылаушы келген. Олар үміткерлерді тіркеу рәсімімен бастап, жұмыстарына кірісіп кеткен. Бүгін таңғы 7-ден бері сайлау учаскелерінде болды. "Партиялық емес байқау" орталығының аймақтағы өкілдері, заңға қайшы әрекеттер болмағанын айтты. Егер заңсыздықтарды бақыласа, бірден аймақ штбаны хабар беруге міндетті. Ал, шешімді заңгерлер қабылдайды, -дейді. Жалпы, Кереку өңірінде 168 үміткер бар, оның 59-ын саяси партиялар ұсынып отыр.

Алмагүл ҚОЗБАЕВА, ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЙМАҚТАҒЫ ЖЕТЕКШІСІ:

Біздің бақылаушылар сайлауға тікелей қатыса алмайды. Біз, бүкіл сайлау процесіне бақылау жасаймыз. Тіпті учаскелік комиссиялардың жұмысын да назарда ұстап отырмыз. Сондай-ақ саяси партиялардың, өзін-өзі ұсынған кандидаттардың бақылаушыларының да жұмысын, сайлаушылардың әрекеттерін қалт жібермей қарап отырамыз.


Т. Оспанбаева