Русский Сайттың толық нұсқасы

Саясаттанушы: әкімдерді тікелей сайлау Қазақстан үшін тиімді

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2021
  • 2176

Қазақстандықтар тұңғыш рет ауылдық деңгейде болса да әкімдерді өз бетінше сайлау құқығын алды. Бұл ел үшін маңызды, әрі азаматтардың өз таңдауларының жемісі. Саясаттанушы Марат Шибутов, осылай деді. Оның бүгінгі сайлауға қатысты пікірі "Литер" газетінде жарық көрді.

Марат ШИБУТОВ, САЯСАТТАНУШЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Қазақстандағы ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы - Тәуелсіздіктің отыз жылдық тарихында алғаш рет өткізіліп отыр. Демек, бұл - елдің саяси жаңаруының мүлдем жаңа кезеңі. Әкімшілік-аумақтық басшыларын халық таңдау керек екендігі, сонау 1990-шы жылдары айтылған. Содан кейін - 2012 жылы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Даму стратегиясында нақты міндеттер қойылды. Ондағы бағыттардың бірі осы еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытты әріқарай жалғастырды.

Саясаттануы 2012 жылы жанама сайлау өткізілілгенін, бірнеше эксперименттік сайлаулар болғанын еске салды. Ал 2013 жылдан бастап ауылдық округтердің әкімдерін, облыстық мәслихаттардың депутаттары сайланғанын айтты.   Биыл алғаш рет жергілікті халықтың тікелей дауыс беруімен ауыл әкімдері сайланып жатыр,- деді. Бұл ел үшін игі, әрі азаматтардың өз таңдауы алдындағы жауапкершілігі деп отыр.

Марат ШИБУТОВ, САЯСАТТАНУШЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:


Кез-келген сайлау, ол - жауапкершілік. Адам түсіну керек, ол өзі сол адамды таңдады, демек ешкімді кінәлауға негіз жоқ. Бірінші рет демократиялық негізде жергілікті басшыны сайлау қолға алынды.

Т. Оспанбаева