Ауыл әкімдерін сайлауда бұрмалауға мүмкіндіктер жоқ. Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеевтің пікірі - осы. Оның айтуынша, сайлау шағын елді-мекендерде өтіп жатыр. Тұрғындар көпшіліктің кімге дауыс бере алатындығын жақсы біледі.
Оразғали СЕЛТЕЕВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұл сайлаудың ерекшелігі сол, тікелей таңдау жасау. Яғни бұл деңгейде кез-келген бұрмалаушылық, манипуляция, заң бұзушылықты жүзеге асыру өте қиын, өйткені бұл неғұрлым ашық процесс. Ол - микро деңгейде өтеді. Адамдар көпшіліктің кімге дауыс бергенін біледі, әрі оны неге таңдағандарын түсінеді.
Т. Оспанбаева