Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері ауыл әкімдерін сайлау туралы пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2021
  • 1881

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі   Александр Данилов ауыл әкімі болуға үміткер жастың бірі сайлауда жеңіске жетсе,бұл өскелең ұрпаққа  үлгі болатынын айтады. Жастар  шалғай ауылда да болашақ бар екенін түсінеді дейді. Сондай-ақ сарапшының сайлаушылардың 70 пайыздан астамы дауыс береді деген болжамы дәл келді. Әдетте сайлауда ауыл-аймақ халқының белсенділігі жоғары болады. Бұл жолы    тұрғындар өздері тұратын ауылдың мәселесін шеше алатын әкімді таңдау мүмкіндігін жіберіп алмайтыны анық.

Александр ДАНИЛОВ, ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Бұдан бөлек бүгінгі сайлау халықтың жер-жердегі партияларға қатысты пікірін айғақтайды. Демек, бұл саяси партиялардың шалғайдағы елді мекендерде  атқарып жатқан жұмысына нағыз баға берер сәт. Сонымен қатар өзін өзі ұсынғандардың саяси беделі дәл осы науқанда анықталады.  Оған қоса «бәріне қарсымын» деген ұстанымдағы халықтың үлесі белгілі болады.

Ғ.Өтемісов