Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртауда қатарласын өлтіріп алған жасөспірімнің жазасы қандай болмақ?

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2021
  • 3658

Теміртау қаласында 12 жастағы ұл бала өзімен жасты жеткіншектің жұдырығынан қаза тапты. Алдын ала сараптама баланың жүрегі тоқтап қалғанын айтқан.

Ауладағы балалар төбелесі демалыс күндері ғаламторға жаппай тарады. Сол жердегі дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда12 жастағы Илья Сумкиннің қарысыласының жұдырығынан талып қалғаны анық көрінеді. Соққы құлақ шекесінен тиген. Куәгерлердің айтуынша ол досын арашаламақ болған. Бастапқыда сол жерде отырған қыздар түк түсінбейген, бірнеше минуттан кейін ғана көмекке ересектерді шақырады. Баланың әкесі ұлын 10 минуттан астам уақыт бойы құтқаруға тырысқан.  Ақыры жедел жәрдем тез арада келмеген соң Ильяны өз көліктерімен ауруханаға жеткізіпті.  

Тамара ШЛЫКОВА, КӨРШІСІ:

Мен жүгіріп шықсам әкесі баланың жүрегіне массаж жасап, жасанды демалдыруға тырысып жатыр екен. Өзі де есінен айырылғандай болды. сондықтан мен де массаж жасадым. Тым әлсіз болды ма маған баланың тамыры соқпай тұрғандай сезілді. Маңайдан жиналған көршілер жедел жәрдемге ұзақ уақыт хабарласа алмағандарын айтты. Олар телефонды әрең көтерген. Бізге аурухана дәрігері тым кеш, құтқара алмадық,- деді.

Илья Сумкин- отбасының жалғыз баласы.  Теміртаудағы 20- сыншы лицейдің үздік оқушыларының бірі. 4 жыл бойы емделіп, жүрегіне кардиостимулятор қойдырған. Алдын ала сараптама Ильяның жүрегі тоқтап қалғанын айтқан.  Алайда ата- анасы тәуелсіз сараптама жасататындарын мәлімдеді. Олар баланың өліміне қатты соққы себеп болғанына сенімді.

Марина ГУКОВА, ИЛЬЯ СУМКИННІҢ АНАСЫ:

Маған баламның жүрегі тоқтап қалған,- деп айтып жатыр. Мен оған сенбеймін.  Ешкімге. Кардиостимулятор жүрегін қайта соқтыруы тиіс. Оны ұрып өлтірді.

Көршілері Илья Сумкиннің өліміне себепші болған баланың сотқарлау болғанын жасырмайды. Алайда арнайы есепке алынған қиын жеткіншек емес. Оқиғаға қатысты «абайсызда адам өлтіру» бабымен тергеу басталған.

Ернат ҚАЛИАҚПАРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жапа шегуші баланың төбелестен соң ауруханаға түскен. Екінші тарап та 12 жастағы ұл бала. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр. сот- медициналық сараптама бала өлімінің нақты себебін анықтайды.

Заң бойынша 16 жасқа толмағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Тек аса ауыр қасақана қылмыс жасағандар ғана 14 жастан бастап сотталуы мүмкін. Еске салсақ, Қарағандыда осыдан 10 жылдай бұрын 11 жастағы қыз құрбысын тұншықтырып жазым еткенмен жазаға тартылған жоқ. Ал Ильяның өлімінің нақты себебі 1 айдан соң дайын болатын сот- медициналық сараптамасында анықталады. Сонымен бірге ата- анасы жедел жәрдем қызметінің жұмысына да шағымданбақшы.

А. Қуаш