Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәрі-дәрмекті өндіру де, оның бағасы да артып келеді

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2021
  • 1571

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша, елде 99 млрд.теңгеге негізгі фармацевтикалық препараттар өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 пайызға артық. Energyprom.kz арнайы орталығы осындай дерекпен бөлісті.

Өнеркәсіптегі өндірістің ең үлкен көлемі Қарағанды облысына тиесілі. Дәл осы аймақта қазір Спутник V вакцинасы шығарылуда. Мұнан соң Шымкент, Алматы облысы және Алматы қаласы дәрі дәрмекті шығаруда.

Тұтастай алғанда, былтыр фармацевтикалық өнеркәсіптің өндіріс көлемі бірден 50 пайызға дейін өсті. Десекте, дәрі-дәрмек арзандаудың орнына, керісінше шарықтап барады. Биыл маусым айының соңында фармацевтикалық өнімдер 5 пайызға қымбаттаған.


Мәселен Маңғыстау облысының тұрғындары үшін медициналық препараттар бағасы бір жыл ішінде  18,6 пайызға өсіпті. Ал, елордада: 10,9 пайызға, Ақмола облысында 10 пайызға көтерілген.

А. Базарбай