Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл әкімдерін сайлау - саяси реформаның сәтті жүзеге асуының көрсеткіші - Саясаттанушы

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2021
  • 2156

Ауыл әкімдерін сайлау Президент жариялаған саяси реформалардың сәтті жүзеге асып жатқанын дәлелдеді.  Саясаткерлер кешегі науқан жайлы осындай пікірде. Сайлауда өзін-өзі ұсынған 100-ден астам үміткер жеңіске жеткен. Бұл елдегі демократияның жарқын көрінісі деп бағалайды сарапшылар. Олардың пікірінше, сайлаудың басты ерекшелігі - халық - сайланған әкімнің жұмысынан нақты нәтижені өте жылдам көре алады. Себебі, әкімдер үшін халыққа берілген уәдені орындау қатты қиынға соқпайды деп отыр.

Оразғали СЕЛТЕЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Мұндай демократиялық аспектінің ең бастысы-өзін-өзі ұсыну механизмі енгізілді. Яғни, саяси партиялардан басқа, адамдар өздері өз кандидатураларын ұсына алады. Дегенмен бұл сайлауда да жетекші партияның рөлі басым екенін көріп отырмыз. Бәсеке мықты болды. Елдегі бірнеше аймақта бұрын жұмыс істеп жүрген әкімдер қайта сайланды. Бұл тұрақтылықтың көрсеткіші.

Науқанға 2 мыңнан астам кандидат қатысқан. Олардың мыңға жуығы саяси партиялардан ұсынылған. Ал жартысынан көбі өзін-өзі ұсынушылар. Үміткерлердің 500-ге жуығы әйел адам. Сайлау науқанына дейін дауыс берушілердің қандай өзгерістерді қалайтыны зерттелді. Сайлаушылардың басым бөлігі жергілікті жерлерде инфроқұрылымды жақсарту мәселесіне көңіл бөлу қажеттігін айтқан. Тұрғын үймен қаматамасыз ету мен әлеуметтік қамсыздандыру тетіктері де халық көкейінде. Ауыл шаруашылығына баса назар аударуды да қалайтындардың қатары қалың.  

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ:

САЙЛАУҒА 2297 КАНДИДАТ ҚАТЫСУДА
САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КАНДИДАТТАРЫ 878 АДАМ БОЛДЫ - 38,2%;
ӨЗІН-ӨЗІ ҰСЫНУШЫЛАР— 1 419 — 61,8%;
ҮМІТКЕРЛЕР АРАСЫНДА : 458 ӘЙЕЛ ЖӘНЕ 1839 ЕР АДАМ БАР


Сайлаушылардың қалауы:

61% -  Елді мекендердің инфрақұрылымы;
11% - Тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер учаскелерін бөлу;
10% - Әлеуметтік қамсыздандыру;
5% – Ауыл шаруашылығы;


Қазақстан жергілікті әкімдердің тікелей сайлауын өткізген Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет. Саясаттанушы Расул Жұмалы халықтың сайлауға белсенді қатысуы, олардың ертеңге сенімінің жоғары екенінің көрінісі деп баға берді. Биліктегі трайбализм, бармақ басты, көз қыстылық әрекеттері азайып, еркін қоғамның қалыптасуына қадам жасалды. Енді нәтижесін күту ғана қалды деп отыр.
 
Расул ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:

Ауыл әкімінде лауазым да бар, халықтың сенімі де бар сайлаудан кейін. Ең бастысы қаражаты, мүмкіндігі бар. Осындай мәселелер қарастырылды.
 
Еске сала кетейік, ауыл әкімдерін сайлау туралы бастаманы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында көтерген болатын. Мемлекет басшысы әкімдерді халықтың таңдауы, саяси реформаларға жаңа серпін беріп, азаматтарды елді басқару мен шешім қабылдау үдерістеріне тарту үшін мүмкіндіктер ашатынына сенімді.  

Ғ.Өтемісов