Елордада Есіл өзені табанынан 55 мың текше метр шөгінді шығарылды. "Бұл су тасқыны қаупінің алдын алады" дейді мамандар. Сондай-ақ өзен бойындағы қалдықтар тазартылды. Жетекші партия жанынан құрылған Экологиялық кеңес мүшелері сондай-ақ, қала маңын қоқыстан тазарту мәселесін талқылады. Олардың айтуынша өзенді тазалау, жағалауды тегістеу және нығайту бойынша жұмыстар талапқа сай жүріп жатыр. Енді алдағы уақытта шаһар айналасындағы құрылыс қалдықтарын реттеу жұмыстарына ерекше мән берілетінін жеткізді.
Батыр ҚОТЫРЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Экологиялық проблемалар бізді қатты алаңдатады. Бей-берекет қоқыс төгетіндерге бақылауды күшейту қажет. Қазір бұл мәселеге қатысты ұсыныстар әзірлеп жатырмыз. Құқық бұзушыларға жауапкершілікті күшейту қажет. Сонда ластану деңгейін азайта аламыз.
Ғ.Өтемісов