Токио төрінде өтіп жатқан XXXІІ жазғы олимпиада ойындарының 4-ші күні қазақстандықтар үшін сәтті бола қоймады. Спорттың 7 түрінен 10 атлет жарыс жолына шықты. Садақ ату бойынша италиялық спортшымен жекелей сында өнер көрсеткен Денис Ганькин олимпиада ойындарын аяқтады. Іріктеу кезеңін жақсы бастағанымен, келесі сында мүлт кетті. Ал, 67 және 80 келіден жоғары салмақта бәсекеге түскен қос таеквондо шебері алғашқы ойындарында жеңіске жеткенімен, ширек финалда қарсыластарына жол беріп алды. Үміт артқан 81 келіге дейінгі салмақтағы дзюдошы Дидар Хамза да татамидегі алғашқы күресте-ақ сүрінді. Ол өзімен бірнеше рет кездескен моңғол палуанынан жеңілді. Сонымен бірге, су добынан екінші рет жарысқа шыққан ерлер командасы бүгінгі ойында да жеңіліп қалды. Сербиялықтармен болған ойын есебі, 5-19. Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин, Беларусьтік Ивашка Ильяға есе жіберді. Дәл осындай санаттағы мықты теннисшіміз Елена Рыбакина Хорватиялық спортшыны тізе бүктірік ширек финалға жолдама алды. 69 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов АҚШ-тың былғары қолғап шеберіне жол берді. Осылайша, "қазақтың алтын салмағы" деген дәстүр үзілді. 81 келіге дейінгі салмақта жарыс жолынан шыққан Василий Левиттің де жолы болмады. Ол испандық қарсыласынан нокаутпен жеңілді. Бұдан бөлек, жүлдеден дәмелі Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түсті. Жалпы командалық есепте 7 орыннан көрініп жартылай финалға жолдама алды. Спорт додасы 8 тамызда аяқталады. Еске сала кетейін, қазақстандық атлеттер спорттың 27 түрінен 98 лицензияға қол жеткізген болатын. Бүгін қоржынға ешқандай медаль түспеді. Қазақстан әзірге жалпы командалық есепте 4-ншы орында тұр.
А. Данияр