Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық кәсіпкерлер жаңа қаулыға қарсы

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2021
  • 1538

Қызылордадағы демалыс саябағында кәсіп ашқандар, жергілікті бас санитар дәрігер жариялаған жаңа қаулыға қарсылықтарын білдірді. Наразы топ қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының ғимарат алдына жиналды. Олар «күшейтілген карантиндік шектеулермен келіспейміз» дейді. Қаулыда демалыс саяжайы күнделікті кешкі 22-00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі-жексенбі жұмысын тоқтатады деп көрсетілген.

Қарлығаш ӘБДІРАМАНОВА, КӘСІПКЕР:

Біздің арендамыз қымбат. Ең арзаны 70-80 мыңнан басталады, 190 мыңға барады. екі сағатта біз аренда таба алмаймыз. Бір айдың өзінде ондай ақша таба алмаймыз. Сондықтан қазіргі біздің талабымыз қойып отырған 6 күндік қылсын, дүйсенбі санитарный күн қылып паркті жапсын.

Ал қаланың бас санитар дәрігері кәсіпкерлердің талабы ескеріп, қаулыны қайта қарауға уәде етті. Дегенмен қазіргі эпидемиялық ахуал өте күрделі екендігін айтуда. Былтырғы жылмен салыстырғанда короновирусқа шалдыққандар саны екі есеге артқан.

Ерлан ҰЗАҚБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА қ. САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Ашық ауада жұмыс жасайтынын ескере келе қолданыстағы қаулыға тиісті өзгерістер енгізетін боламыз. Біз әлі де зерделейміз. Уақыты, жоғары тұрған органдармен және жергілікті атқарушы органмен келісіп бекітетін боламыз.


Мамандар соңғы шешімді алдағы екі күндікте жариялаймыз дейді. Ал несие мен жалдау ақысы бүйірден қысқан кәсіпкерлер талабымыз орындалмаса, тағы да жиналып қайта келуге уағдаласып, тарқасты.  

М. Тоқтасынқызы