Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда анасы 3 баласын өлтіргені ме?

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2021
  • 1954

Павлодарда анасы 3 баласын өлтіріп, артынша өзіне өзі қол салған. Жаға ұстатарлық қанды оқиғаға қатысты полиция осындай қорытынды жасады. Оқиға өткен жылдың қараша айында облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған еді. Бір отбасының 4 адамы жұмбақ жағдайда көз жұмған. Қылмысты жұмыстан үйіне келген отағасы бірінші болып көрген. Полицейлер сол кезде мүрделерде зорлық іздері болғанын растады. Тексеру жүргізген тәртіп сақшылары қылмысты отанасы өзі жасаған – деген шешім шығарып отыр.

Алма МҰСАБЕКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, бұл қылмысты жас балалардың анасы өзі жасағандығы анықталды.


Қылмыстық іс кінәлі адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды. Қыршынынан қиылған балалар небәрі 7, 5, 3 жаста болған. Сұмдық жайт орын алған үйдің тұрғындары әлі ес жия алмай жүр. Қорқыныштан әлі арыла қоймаған. Олар анасы балаларын өлтірді дегенге сенбейді.  

Татьяна МАКЕРЕНКО, КӨРШІСІ:

Осы оқиғадан кейін бізде, туыстары да әлі есін жия алмай жүр. Анасының жүрегі тыныш табар емес. Бұл қылмысты балалардың анасы жасады дегенге сенбейміз. Қазір үй ыстық. Бірақ, түнде терезе, балконды ашып тастап ұйықтауға қорқамыз. Қатты қорқып қалдық.

Ө. Қуанар