Еуразиялық
интеграциялық институтының зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың 82 пайызға жуығы
ел өмірінде өзгеріс қажет деп есептейді. Демек, Елбасының «Болашаққа бағдар.
Рухани жаңғыру» мақаласы мерзімінде шыққан.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен
«Жаңғыру 3:0 Рухани жаңғыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында
ғалымдар айтты. Кездесуге қатысушылар қоғамдық сананы жаңғыртуда жүргізіліп
жатқан жұмысты кеңінен насихаттап, дәйекті пікірлері мен өзекті ойларын ортаға
салды. Елде қазіргі әлеуметтік-саяси даму бағытын қолдаушылар көп. Мамандардың
зерттеуінше, ол 88 пайыздан астам.
Зиябек Қабылдинов, ҚР БҒМ, ҒК Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры:
Посткеңестік
елдерді алсақ, Қазақстаннан басқа ешбір ел рухани жаңғыруға еш көңіл бөлмеді.
Әрине, бұл біздің ойымызша, 1 жылдық кампания болмау керек. Ол айлап, жылдап,
он жылдап атқарыла беретін жұмыс. Егер біз рухани жағынан дайын болсақ,
әлеуметтік жақ та, экономикалық жақ та түзеле бастайды.